Туберкулездің алдын алу

№16 және №23 жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға арналған туберкулез ауруының алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі ұйымдастырылды.

Дәріс барысында туберкулездің қалай жұғатыны, алғашқы белгілері, алдын алу жолдары, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы кеңінен айтылды. Мамандар оқушыларға жеке гигиенаны сақтау, дұрыс тамақтану, иммунитетті нығайту және уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңызын түсіндірді.