Бала денсаулығы – қоғам мен ата-ананың жауапкершілігі

2026 жылғы 29 қаңтарда 119 орта мектепте «Бала денсаулығы – қоғам мен ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі ұйымдастырылды.

Дәріс барысында оқушыларға жеке гигиенаны сақтау, сондай-ақ туберкулез ауруының алдын алу, оның жұғу жолдары мен алғашқы белгілері туралы маңызды мәліметтер берілді. Мамандар балалардың денсаулығын қорғауда ата-ана, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауаптар алды.