Қызылша

Жыл басынан бері Қазақстанда 1368-ден астам қызылша жағдайы тіркелген, оның көбі — 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың 89%-ы екпе алмағандар.

Қызылша – жұқпалығы өте жоғары инфекция. Вирус ауа арқылы таралады — науқаспен аз ғана уақыт бірге болудың өзі жеткілікті. Екпе алмаған балалар арасында тез тарап кетеді.
Инфекция тек қызу көтеріліп, бөртпе шығумен ғана емес, басқа да ауыр асқынулармен қауіпті. Қызылшадан кейін ағзаның басқа ауруларға қарсы иммунитеті әлсіреуі мүмкін.

💉 Қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцина салдыру. Қазақстанда қызылша, қызамық және паротитке қарсы біріктірілген (ҚҚП) вакцина қолданылады. Бұл вакцина Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген және оның қауіпсіздігі мен тиімділігі жылдар бойы дәлелденген.

📌 Балаңыздың екпесі бар-жоғын «eGov Mobile» мобильді қосымшасынан тексерсеңіз немесе учаскелік дәрігерден сұрасаңыз болады.

🛡 Екпе алмаған бір бала инфекцияны бірнеше адамға жұқтыруы мүмкін. Сол себепті ұжымдық иммунитет маңызды. Ол әсіресе екпеге қарсы көрсетілімдері бар сәбилер мен адамдарды қорғайды.

👉 Қызылша туралы маңызды мәліметтерді карточкалардан оқи аласыз. Бұл әрбір ата-ана білуі тиіс ақпарат.

📞 Вакцинация туралы сенімді мәліметті Egu.kz сайтынан немесе 7701 колл-орталығы арқылы алуға болады.