«Белсенді ұзақ өмір» денсаулық мектебінің аясында қарт адамдарға арналған ақпараттық-профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында егде жаста жиі кездесетін ұйқының бұзылуы, оның себептері және ұйқы сапасын жақсарту жолдары туралы кеңінен айтылды.
Сонымен қатар дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, қарт адамдарға арналған теңгерімді және пайдалы ас мәзірін қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді. Қатысушыларға инфекциялық аурулардың, соның ішінде туберкулездің алдын алу шаралары, ауруды ерте анықтау және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.



