Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай емханамызда мерекелік мазмұндағы тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – ел тарихындағы аса маңызды, ұлт бірлігі мен егемендігінің символына айналған ерекше мереке.
Іс-шара барысында ұжымның бірлігі, еңбектегі жетістіктері мен кәсіби жауапкершілігі кеңінен аталып өтті. Денсаулық сақтау саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге алғыс білдіріліп, үздік мамандар салтанатты түрде марапатталды. Сонымен қатар қызметтік міндетін адал атқарып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген қызметкерлер «Денсаулық сақтау саласының үздігі» медальдарымен марапатталды.




