Бала 18 жасқа толғаннан кейін сақтандырылған мәртебесі сақтала ма?

Әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Бұл 12 миллионнан астам адам.

Әдетте ата-аналар 18 жасқа толған балалары әрі қарай да МӘМС аясында медициналық көмек алуын жалғастыра ма деп сұрайды. Мәртебені жоғалтпаудың бірнеше жолы бар.

  1. Егер бала 18 жасқа толған кезде мектепте оқыса немесе ары қарай жоғары оқу орнына түссе, күндізгі бөлімде оқитын тұлға ретінде жеңілдік санатында қалады.
  2. Егер баланың мүгедектігі болса, мемлекет жасына қарамастан жарна төлеуін жалғастырады. Себебі бұл тұлғалар да жеңілдік санатына кіреді.
  3. Егер бала кәмелет жасқа толған соң жұмыс істемесе ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Ондай жағдайда жергілікті атқарушы органдар ол үшін жарна төлейді.

Сонымен қатар азамат ресми түрде жұмысқа орналасса немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, өзі төлейтін жарналар есебінен сақтандырылады.

Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз: