Емханамыздың бас мейіргері Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медицина колледжі“ ШЖҚ МКК білім ордасында студенттермен кәсіби кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ медицина қызметкерлеріне емханамыздың қызмет бағыттарын таныстыру, мекеменің кәсіби әлеуетін көрсету және жас мамандарды біздің ұйымға жұмысқа орналасуға ынталандыру болды.
Кездесу барысында бас мейіргер студенттерге емхананың құрылымы, көрсетілетін медициналық қызметтердің спектрі, пациентке бағытталған жұмыс жүйесі және мекемеде енгізілген заманауи әдістер туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол сонымен қатар жас мамандар үшін жасалған жағдайларды – тәлімгерлік жүйе, үздіксіз кәсіби даму мүмкіндіктері, оқу-тәжірибелік база, әлеуметтік қолдау және мансаптық өсу перспективаларын атап өтті. Кездесу студенттердің қызығушылығын оятып, көптеген сұрақтар қойылды. Бұл кездесу жастардың кәсіби ынтасын арттырып қана қоймай, білікті кадрлар даярлауда емханамыздың маңызды серіктес екенін көрсетті.




