№16 мектепте «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары қыз балаларға арнап ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді. Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында жеке гигиена мәдениетін қалыптастыру, репродуктивті денсаулықты сақтау жолдарын үйрету және психоэмоционалдық күйді басқаруға көмектесу.
Дәріс барысында мамандар жасөспірімдерге күнделікті жеке күтім ережелерін, физиологиялық өзгерістер кезінде гигиенаның маңызын және дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтының әсерін түсіндірді. Сонымен қатар, репродуктивті денсаулықты сақтау, ақпаратты дұрыс көздерден алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау туралы кеңес берілді.
Кездесуде стресс пен эмоциялық күйзелістің алдын алу жолдары да айтылып, қыз балалармен ашық сұхбат жүргізілді. Мамандар қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, пайдалы ақпараттық материалдар таратты.





