Астана қаласында соңғы уақытта қызылша ауруының тіркелу жағдайлары көбейіп отыр. Аурудың көбі балалар арасында анықталған.
Осыған байланысты 8 қалалық емхана мамандары тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және балалардың уақтылы екпе алуына назар аударуға шақырады.
Қызылша туралы қысқаша
Қызылша – ауа арқылы тез жұғатын, қауіпті жұқпалы инфекция.
Аурудың алғашқы белгілері:
- дене қызуының көтерілуі;
- жөтел, тамақтың ауыруы;
- денеде бөртпелердің шығуы.
Ауру асқынған жағдайда өкпе қабынуы, энцефалит және басқа да ауыр салдарларға әкелуі мүмкін.
Қосымша иммунизация жалғасуда
Қызылшаның таралу қаупіне байланысты қалада 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі жастағы балалар арасында қосымша иммунизациялау жұмыстары жалғасуда.
Бұл шара – аурудың алдын алу және қауіпті топтағы балаларды қорғау мақсатында жүргізілуде.
Вакцинация медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ балаларға ғана жасалады және екпе емханаларда тегін жүргізіледі.
Дәрігерлер кеңес береді
Балаларыңыздың екпе мәртебесін өз емханаңызда тексеріңіз;
Вакцинация алдында учаскелік дәрігер баланың денсаулығын міндетті түрде бағалайды;
Ауру белгілері байқалған жағдайда өз бетіңізше емделмей, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Құрметті ата-аналар!
Қызылшаның алдын алу – әр отбасының ортақ міндеті. Балаларыңыздың денсаулығын қорғау үшін уақытылы дәрігерге қаралып, қажетті профилактикалық шараларды орындаңыздар.
8 қалалық емхана мамандары тұрғындарға балаларды уақтылы иммунизациялауға және жалпы жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді.



