29 қазан – Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне орай ашық есік күні өткізілді

Аталған іс-шара аясында келушілерге тегін профилактикалық тексерулер жүргізілді.
Қатысушылар келесі тексерулерден өтті:

  • антропометриялық өлшеу;

  • артериялық және көз ішілік қысымды өлшеу;

  • қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау.

Сондай-ақ, тұрғындарға мамандардың кеңестері берілді.
Шараның мақсаты – инсульттің алдын алу, халықтың денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру және аурудың қауіпті факторлары жөнінде ақпараттандыру болды.