Қоғамның басты байлығы – салауатты ұрпақ. Осы мақсатта №23 орта мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері мен «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары оқушыларға арналған ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында мамандар туберкулездің алдын алу, сүт безі обырының ерте анықталуы және алдын алу шаралары, сондай-ақ репродуктивті денсаулықты сақтау мен стресстің алдын алу тақырыптарында кеңінен әңгімеледі.
Оқушыларға аурулардың пайда болу себептері, дұрыс тамақтану мен жеке гигиенаның маңызы, психологиялық тұрақтылықты сақтау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, мамандар өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығын атап өтті.




