Емханамыздың дәрігерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы ақпаратты халық көп жиналатын орындарда — сауда орталықтарында, супермаркеттерде, дәмханаларда және басқа да қоғамдық жерлерде түсіндіруде.
Азаматтарға МӘМС жүйесінің артықшылықтары, медициналық қызметтерді алу мүмкіндіктері жайлы кеңес берілді. Сондай-ақ сақтандыру мәртебесін тексеруге көмек көрсетіліп, кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМКК) пен МӘМС аясындағы қызметтер туралы нақты ақпарат ұсынылды.