25 қыркүйек күні емханамызда тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі өзгерістер мен сақтандырудың маңызы болды.
Шара барысында емхана мамандары келушілерге:
- МӘМС жүйесіне енгізілген жаңа ережелер;
- сақтандыру арқылы көрсетілетін тегін медициналық қызметтер;
- сақтандыру мәртебесін тексеру жолдары;
- өзектілігін жоғалтпаған жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ұсынды.
Келушілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жеке кеңес алды. Сонымен қатар, арнайы ақпараттық үнпарақтар таратылып, азаматтарға сақтандырудың артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.