Әр жылы 15 қыркүйекте әлемде Лимфомаға қарсы күресудің халықаралық күні атап өтіледі. Лимфома – біздің иммундық жүйемізге әсер ететін маңызды аурулардың бірі. Бұл күн бізге өз денсаулығымызға мұқият қарап, денсаулықтың қадірін түсінуге көмектеседі.
Лимфома деген не?
Лимфома – лимфа жүйесіндегі қатерлі ісік түрі. Лимфа жүйесі — денемізді инфекциялардан қорғайтын маңызды қорғау механизмі. Лимфома кезінде лимфа түйіндері үлкейіп, түрлі белгілер пайда болуы мүмкін.
Лимфоманың ең жиі кездесетін белгілері:
-
Мойын, қолтық немесе шаптағы ісінген түйіндер
-
Түнгі тершеңдік пен дене қызуының көтерілуі
-
Себепсіз әлсіздік пен салмақ жоғалту
-
Жиі шаршау, ентігу сезімі
Егер осы белгілердің бірін байқасаңыз, дәрігерге уақытылы қаралыңыз. Ерте диагностика – денсаулық кепілі.
Денсаулығыңызға мұқият болыңыз!
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, күдікті симптомдар пайда болған жағдайда мамандарға жүгінуден тартынбаңыз. Бірге біз қиындықты жеңеміз!