2025 жылдың 9 қыркүйегінде емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Ерсайын А.Е. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында оқушыларға арналған ақпараттық-профилактикалық дәріс өткізді. Шараның басты тақырыбы – жол қауіпсіздік ережелерін сақтау және оның маңыздылығы болды.
Дәріс барысында оқушыларға:
- жаяу жүргіншілерге арналған негізгі жол ережелері;
- бағдаршам сигналдарының мәні;
- жолда сақ болудың қажеттілігі;
- жол-көлік оқиғаларының салдары және оның денсаулыққа тигізер зияны туралы мағлұмат берілді.