2025 жылғы 17 маусым күні емханамызда маңызды әрі өзекті тақырыпқа арналған танымдық шара өтті. Академик Е. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының (НИИ профилактической медицины) мамандары емханамыздың дәрігерлері мен мейіргерлеріне дұрыс тамақтану мәдениеті бойынша арнайы дәріс өткізді.
Шара барысында медициналық мамандар адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуіне қажетті дәрумендер, микроэлементтер, тамақтану режимі және салауатты өмір салтына қатысты өзекті ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанудың жүрек-қан тамырлары, асқорыту және эндокриндік жүйелердің ауруларының алдын алудағы рөліне ерекше назар аударылды.