Бүгін «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары Барлыбек Сырттанұлы атындағы №34 мектепте маңызды кездесу өткізді.
Тақырып: «Репродуктивті денсаулық және ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар)»
- Кездесу барысында оқушылар:
Репродуктивті денсаулықтың маңызын; - ЖЖБИ-дің алдын алу жолдарын;
- Жауапты мінез-құлықтың рөлін;
- Жеке гигиенаның ережелерін түсінді.
Ашық диалог форматында өткен лекцияда оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.