«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы 27 наурызда бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» 2025 жылға арналған №4 үлгілік негізгі бағытын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 2 мамырынан бастап 16 маусым аралығында ШЖҚ №8 қалалық емхана»МКК-да СЖТІТ жүргізіледі.
СЖТІТ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Талдау жүргізілетін объектінің қызметіне қатысты нормативті құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Талдау объектісінің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ әзірлеу және жүргізу барысында келесі ресімдер іске асырылады:
- 04.2025 ж. дейін №8 қалалық емхананың Интернет ресурсында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде СЖТІТ басталуын жариялау;
- 04.2025 ж. дейін СЖТІТ өткізу туралы бұйрықты бекіту;
- 05.2025 ж. дейін СЖТІТ басталуы;
- 06.2025 ж.дейін №8 қалалық емхананың Интернет ресурсында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде СЖТІТ қортындыларын қоғамдық талдаудың басталуы туралы жариялау;
- 06.2025ж.дейін СЖТІТ қортындыларын қоғамдық талдау;
- 07.2025ж.дейін СЖТІТ қортындылары бойынша сараптамалық анықтамаға қол қою;
- 07.2025ж. дейін СЖТІТ қортындылары бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың орын алуына себеп болған жағдайлар мен салдарын жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
- 07.2025 ж.дейін сараптамалық анықтаманы және іс-шара жоспарын №8 қалалық емхананың Интернет ресурсында орналастыру;
- Сараптамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл
Ішінде СЖТІТ қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат дайындау арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюдың мониторингі;
10.06.2025 ж. дейін СЖТІТ қортындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың тізімін жасау.
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ«№8 қалалық емхана» МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша келесі телефондарға хабарласыңыздар: +7 747 259 41 51 Биболова Багым Даулетовна.
ШЖҚ«№8 қалалық емхана» МКК комплаенс –офицері