Мемлекеттік тіл саясаты

Асыл мұра

Отбасы жайлы мақал-мәтелдер

  1. Бала тілі – бал.
  2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
  3. Өз үйім – өлең төсегім.
  4. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
  5. Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі.
  6. Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер.
  7. Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада.
  8. Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп.
  9. Бетің қисық болса айнаға өкпелеме,
    Ниетің қисық болса ағайынға өкпелеме.
  10. Бала – бауыр етің.
  11. Жақсы әйел – үйдің берекесі, жаман әйел – елдің келекесі.

Салт-дәстүр жайлы мақал-мәтелдер

  1. Салтын білмеген сауапты түсінбейді.
  2. Дәстүрдің озығы бар,
  3. Дәурені өткен тозығы бар.
  4. Дәстүрі жараспағанның
    Дәм-тұзы жараспайды.
  5. Құтты қонақ келсе,
    Қой егіз табады.

Ынтымақ-татулық жайлы мақал-мәтелдер

  1. Бірлік болмай, тірлік болмайды.
  2. Сыйға – сый, сыраға – бал.
  3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
  4. Бітер істің басына, жақсы келер қасыңа.
  5. Адамның күні – адаммен.
  6. Өле жегенше, бөле же.
  7. Бүлінгенді бөрі асайды, жарылғанды жау жейді.
  8. Көп қорқытады, терең батырады.

Отан, Туған жер жайлы мақал-мәтелдер

  1. Отанды сүю отбасынан басталады.
  2. Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол.
  3. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  4. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
  5. Пәлен жерде алтын бар, өз жеріңдей кайда бар.
  6. Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар

Денсаулық жайлы мақал-мәтелдер

  1. Денсаулық – зор байлық.
  2. Жазым болса, быламыққа да тіс сынады.
  3. Ауру желмен кіріп, термен шығады.
  4. Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.
  5. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.

Тіл және сөз өнері жайлы мақал-мәтелдер

  1. Жақсы сөз – жарым ырыс.
  2. Айтпаса сөздің атасы өлер.
  3. Сөздің көркі – мақал, ердің көркі – сақал.
  4. Жаман адам мақалшыл, жаман ешкі сақалшыл келеді.
  5. Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады.
  6. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
  7. Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер.
  8. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
  9. Біткен іске сыншы көп.
  10. Сөз асылы – мақал.