Егер сізге емхана атынан қоңырау шалып, 1414 нөмірінен келген SMS кодын растауды немесе белгісіз сілтемеге өтуді сұраса – бұл алаяқтық әрекет екенін біліңіз!

Құрметті №8 қалалық емхана пациенттері мен қызметкерлері!

Егер Сізге Емхана атынан қоңырау шалып, 1414 нөмірінен келген SMS кодын растауды немесе белгісіз сілтемеге өтуді сұраса – бұл алаяқтық әрекет екенін біліңіз!
Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін сақтау үшін ешкімге құпия кодтарыңызды хабарламауды, күмәнді сілтемелерге өтпеуді және күдікті қоңырауларға жауап бермеуді ұсынамыз.
Сіздің жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігі – ең алдымен, өзіңіздің қырағылығыңызға байланысты. Алаяқтардың айласына түспеу үшін сақтық танытыңыз!

Өзіңізді және жеке деректеріңізді қорғаңыз!