Жас ұрпақтың денсаулығы – біздің басты назарда!

Емханамыздың педиатр дәрігерлері А.К. Жудурукова, Т.П. Такиева және салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Ж.Б. Нұрахметова адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті лекциялары Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп, №5 гимназия, №8 мектеп-лицейі және Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының ұстаздарына өтті. Лекцияның басты мақсат – адам папиллома вирусының қауіптілігін түсіндіріп, оның алдын алу шаралары туралы маңызды ақпарат беру, әсіресе, жастар арасында вакцинациялаудың рөлі мен тиімділігін түсіндіру. Лекция барысында инфекциялық аурулардың таралуын азайтудағы вакцинаның маңыздылығы және басқа мемлекеттердің осы бағыттағы тәжірибесі де талқыланды. Ұстаздар өз сауалдарын қойып, ашық пікір алмасып, өзекті ақпарат алды.

Айта кетейік: ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №11 қаулысына сәйкес, елімізде 11-13 жас аралығындағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталды.