АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!
2024 жылғы 28 қыркүйек күні Халықаралық гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабардар ету күніне орай № 8 қалалық емханада Ашық есік күні өтетінін қуана хабарлаймыз! Сіздерге онколог, гинеколог және маммолог мамандарының қызметтері ұсынылады. Бұл күнде денсаулықтарыңызды тексертіп, мамандармен кеңес алуға мүмкіндік бар.
 Уақыты: 28 қыркүйек, 09:00 — 11:00
Орналасқан жері: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК
Денсаулық — зор байлық, өзіңізді күтіңіз!