«Денсаулық мектебі»: Дұрыс тамақтанудың пайдасы

Белсенді денсаулық орталығында «Денсаулық мектебі» аясында «Дұрыс тамақтанудың пайдасы» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті. Дәріс барысында дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына әсері, күнделікті тамақтану тәртібін қалыптастырудың маңызы және пайдалы тағамдарды таңдаудың негізгі қағидалары түсіндірілді.

Қатысушыларға теңгерімді тамақтанудың ерекшеліктері, көкөністер мен жемістерді, ақуызға және дәрумендерге бай өнімдерді күнделікті рационға енгізу, сондай-ақ тұзды, қантты және майлы тағамдарды шамадан тыс тұтынуды шектеу жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

Дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтының маңызды құрамдас бөлігі. Күнделікті тамақтану әдеттеріне жауапкершілікпен қарау көптеген аурулардың алдын алуға және өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Денсаулықты сақтау – өз қолымызда!