Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл мәдениетін арттыру мақсатында қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазымен кездесу

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында емханамыздың медицина қызметкерлері қоғам қайраткері, тіл мәдениеті саласының маманы Оразкүл Асанғазымен кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттік тілді дамыту және кеңінен насихаттау, медицина қызметкерлерінің сөйлеу мәдениетін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында қазақ тілін кеңінен қолданудың маңыздылығы жөнінде мәселелер талқыланды.
Іс-шара танымдық әрі ашық форматта өтіп, медицина қызметкерлерінің мемлекеттік тілді дамыту және тіл мәдениетін арттыру мәселелеріне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.