Баланың денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі – уақытылы вакцина алу. Әрбір екпе қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алып, бала ағзасында иммунитет қалыптастыруға көмектеседі.
Екпе күнтізбесін сақтау арқылы сіз:
• Балаңызды ауыр инфекциялық аурулардан қорғайсыз;
• Аурудың асқыну қаупін азайтасыз;
• Қоғамдық иммунитеттің қалыптасуына үлес қосасыз.
Ата-аналарға кеңес:
Екпе алу мерзімін өткізіп алмаңыз.
Баланың вакцинациясы туралы сұрақтарыңыз болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.
Баланың екпе картасын үнемі бақылап отырыңыз.
Салауатты болашақ – уақытылы екпеден басталады!




