1–9 тамыз – Дүниежүзілік емшек сүтімен қоректендіру апталығы
Емшек сүті – сәбидің өміріндегі ең жақсы бастама және денсаулығының берік негізі.
Сәбиді барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді.
Иммунитетін нығайтып, дұрыс өсіп-жетілуіне ықпал етеді.
Ананың босанғаннан кейін тез қалпына келуіне көмектеседі.
Ана мен сәби арасындағы эмоционалдық байланысты нығайтады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады:
• алғашқы 6 айда нәрестені тек ана сүтімен қоректендіру;
• қосымша тағам енгізілгеннен кейін де емшекпен қоректендіруді 2 жасқа дейін және одан әрі жалғастыру.




