5 қыркүйек – елімізде Қазақстан халқы тілдері күні ретінде аталып өтетін маңызды күн. Бұл атаулы күн ұлт ұстазы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келеді.
Қазақстан халқы тілдері күні – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, тіл мәдениетін дамытуға, сондай-ақ еліміздегі түрлі этностардың тілдері мен мәдениеттеріне құрмет қалыптастыруға бағытталған.
Тіл – халықтың рухани мұрасы, ұлттық болмысы мен мәдениетінің негізі. Мемлекеттік тілді құрметтеу және өзге тілдерге деген құрмет – қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністіктің маңызды негіздерінің бірі.
Тілді құрметтеу – елді құрметтеу.




