1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай №8 қалалық емханада «Шынықсаң – шымыр боласың!» атты көңілді эстафеталық ойын ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігінің маңыздылығын арттыру және спортқа деген қызығушылықты қалыптастыру болды.

Көңілді эстафета барысында қатысушылар әртүрлі спорттық тапсырмалар мен қызықты сайыстарға қатысып, өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және ұйымшылдығын көрсетті. Балалар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен жарысқа қатысып, мерекелік атмосфераны сезінді.