Перзентханадан шыққаннан кейін

Дүниеге сәбидің келуі – ол кез келген отбасы үшін үлкен әрі мәңгі есте қалатын қуаныш. Әлбетте, әр ата-ана өз баласына дүниедегі бар жақсылықты тілейді, оның дені сау, бақытты, талантты, жай ғана адамгершілігі мол адам болуын қалайды.

Сәбиіңіз дүниеге келген сәттен бастап, ең әуелі, оны махаббат, жылулық, мейрім және зейінмен қоршау керек.

Бұндай ең қарапайым және қолжетімді қарым-қатынас әдістің бірі бала емізу кезіндегі баламен болатын жақындық.

ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің бірікке стратегиясының қорытынды бөлімінде бала дүниеге келген сәттен бастап алты ай бойы тек қана ана сүтімен емізген өте маңызды; 6 айдан кейін – дұрыс қоректі тағамдармен қосымша тамақтандыру көрсетілген.

Бала емізу – бұл жай тамақтандырудан әлде қайда үлкен ұғым. Ол ана мен бала арасындағы айрықша жақындықты анықтайды. Жан жылуын тудырады. Алғашқы өмір жылдарында анамен үнемі байланыста болған балалар тыныш әрі байсалды болып өседі, барлық жаңалықты жеңіл меңгереді, оқулары мен жұмыстары сәтті өтеді, олардың мінездері күйзелістер мен ауруларға бикем келеді.

6 ай бойы үзбей бала емізу үшін:

  • Дүниеге келгеннен кейін алғашқы бірінші сағатта баланы емізу.
  • Баланы емізу үрдісін дұрыс жүргізуді, баланы дұрыс жатқызуды, олардың қимыл-қозғалысын бақылауды, емізуді дұрыс аяқтауды және тағы басқаларға қатысты ережелерді аналар үйренулері тиіс.
  • Баланы анасы емізіп жүргенге дейін, шөлмектен немесе басқа заттардан тамақтандыруды болдырмау қажет, себебі балада кез келген тамақтандыруға белгі қалыптасуы мүмкін.
  • Бала мен ана бір бөлмеде жатулары тиіс.
  • Бала туған күннен бастап 6 айлыққа дейін тек қана ана сүтімен тамақтандыру қажет.

Емшек емгенде балада қуаныш, қанағат гормондары бөлінеді – ол эндорфин. Эндорфиндер күйзеліс гормондары – кортизол және кортизонға көзделе әсер етеді, олардың деңгейін түсіреді. Аталған гормоналдық қалып балада ұрықтанған сәттен 3 жасқа дейін қалыптасады және кейін өмірге деген, күйзеліске, уайымға, ауру мен дағдарыстарды жеңуде, тағы басқа жағдайларда көзқарасы өмір бойынша белгіленеді.

IQ деңгейімен және ауруға шалдығу жиелігін анықтайтын ана сүтін емген және жасанды тамақтанған балаларды салыстыратын көптеген зертеулер бар. Қандай жағдай болғанда да ана сүтін емген балалардың IQ жоғары және ауруға шалдығуы төмен.

Бала емізу кезінде жұғу қауіпін анықтау қиын болғанмен, егер де анасы емізу кезеңінде бастапқы АҚТҚ-жұқпасының кезеңін өткеріп жатқан болса, өте қауіпті болуы мүмкін. Қауіп орташа шамамен 30%-ды құрайды. Босанғанға дейін АҚТҚ-позитивті болған әйелдердің бала емізу кезінде жұқпаның берілудің қосымша қауіпі 14%-ға бағаланады. Ана сүтінде кездесетін антиденелер АҚТҚ-ке қарсы қажетті қорғанысты қамтамасыз етпейді.

Дамыған елдерде қолдан тамақтандыру ұсынылады, ал дамушы елдерде жағдай мүлдем басқа. Бала  емізуден айырлған балалар өлімі  АҚТҚ-тің жұғуынан өлген балалар санынан 4 есеге көп. Ол бұл елдерде балалар тағамының жеткіліксіздігімен байланысты. Осындай жағдайда әйелдерге бала емізу12 айдан артық емес  болуы қажет, себебі бала емізудің ұзақтығы бастапқы АҚТҚ-жұқпасының жұғу қауіпін арттырады. Балалар тағамы  үшін алтернатива ретінде жиналып, араластырылатын донорлық ана сүті,пастерленбесе, жұқпа көзі болуы мүмкін

Бала емізіп жүрген анасы ауырып қалса, оған не істеу керек? Барлығы анасының қандай аурумен ауыратындығына және оның одан қалай емделетіндігіне байланысты.

1. Егер бала емізіп жүрген анада қарапайым вирусты инфекция болса (суық тигізіп алды деп аталатын), оған бала емізуді жалғастыруына болады. Оған және нәрестеген емізуді жалғастыру өте қажет, себебі ана сүтімен бала қорғаныш болып табылатын антителді ала бастайды, клиникалық белгілері пайда бола бастағанға дейін анасында сүтінде ауыртпайтын антителдер шығара бастайды ол бала ағзасына беріледі. Бала емізуді тоқтату қажетті жәрдем беретін қорғаныш жүйесінен жояды, оған басып кірген вирустардан өз бетінше күресу қажет болады. Анасы ауырғанда баланы емізуден шектеу баланың ауруға шалдығуын жиелдетеді.

2. Бала емізіп жүрген ана дене қызуын тек қана парацетамолмен (немесе оның негізінде жасалған дәрілермен) түсіре алады, аспирин қолдануға болмайды. Температураны тек қана анасы оны нашар көтерсе ғана түсіруге болады, себебі дене қызуының жоғарылауы ол да ағзаның қорғаныш реакциясы және дене қызуы жоғары болғанда вирустар таралуы шектеледі.

3. Вирусты инфекциялар антибиотик немесе сульфаниламидті дәрілердің тағайындалуын қажет етпейді, олар тек қана симптомдық бойынша емделеді. Вирусты инфекцияларды симптомды емдеу (тұмауға қарсы заттар, тамақты шаю, ингаляция және басқалары) бала емізумен үйлесімді.

4. Егер анасында патогенді микроағзалардан пайда болған (мысалға, масити, отит, ангина, пневмония) аурулары болса және оған бактерияға қарсы емдеу жазылса, оған бала емізумен үйлесімді жүретін антибиотиктер сұрыпталады. Ондай антибиотиктер бар және олар өте көп. Сүйек өсуіне ықпал ететін антибиотиктер бала емізу кезінде қарсы көрсетілген (мысалға, тетрациклин, фторхинолона, левомицетин өндірістері).  Оларға үнемі бала емізумен сәйкес келетін басқаларын сұрыптап алуға болады.

5. Бактерияға қарсы терапия курсынан кейін немесе сол кезде аналар алдында кездесуі мүмкін негізгі проблема – ішек микробиоценоздың бұзылуы, ол дисбактериоз деп те аталады. Бұл проблема арнайы емделуді қажет етпейді, себебі ана сүтінде дұрыс микрофлораның дамуына ықпал ететін және патогенді басатын факторлар бар. Бала емізу барысындағы ішектің микробиоценозының уақытша бұзылуы жасанды тамақтандыруға ауысудан гөрі қауіпті емес.

6. ДДҰ бала емізетін аналарды дәрі-дәрмектермен емдеуді тағайындау бойынша ортақ кеңесі бар: «… Дәрі-дәрмектермен бала емізіп жүрген аналарды емдеуді мүмкіндігінше болдырмаған жөн. Егер емдеу қажеттілігі орын алса, онда балаға зияны азын таңдау қажет. Егер бала емізуге қауіпі бар дәрілерді қабылдау қажеттілігі міндетті болса, онда анасы емізуді уақытша тоқтату тиіс».

Құрметті аналар, ана сүтіндей бірегей формула еш минералданған, дәрумендірілген, қоректі балаға арналған қопада жоқ екендігін естеріңізде болсын!

Босанудан кейін жамбас түбі бұлшық еттерін нығайту

Дүниеге бала әкелу – ана өміріне жаңа мағына беретін ұмытылмас сәт. Алайда босанғаннан кейін кейбір әйелдерде жағымсыз белгілер пайда болады: күлгенде, жөтелгенде, дене қимылын атқарғанда несеп тамшыларын ұстай алмай қалу, жыныс саңылауының ашылып тұруы, жыныстық қатынас кезінде сезімталдықтың азаюы.

Босану барысында қосымша жүктеме түсетіндіктен, әйел организмінің барлық дерлік жүйелері айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Аталған мәселемен айналысып жүрген дәрігерлер емделушілердің дені – 25-35 жастағы әйелдер деп көрсетеді. Бұл – әлгіндей жағымсыз жағдайдатөзгісі келмейтін белсенді жастағы әйелдер.

Нақтамалау. Бірінші кезекте, әрине, гинеколог дәрігерге қаралу керек. Дәрігер науқасты қараған кезде өзгерістер дәрежесіне: қынап қабыроғаларының төмен түсуіне, несеп ұстай алмай қалу жағдайларының жиілігіне, тіндердің тыртықты деформацияларының бар-жоқтығына назар аударады. Алайда бұны сандық датчиктері бар арнайы құрал – перинеометр нақтырақ орындайды. Вагинальді датчик қынапқаи енгізіледі, әйел аралық бұлшық еттерін барынша қысады, осыдан соң құрал шкаласында бұл жиырылудың сандық бағасы көрсетіледі. Осыдан кейін дәрігер ем әдісі, басқа мамандардың (психолог, терапевт, анестезиолог) кеңесінің қажеттілігі не қажетсіздігі туралы мәселені шешеді. Жеңіл жағдайларда емді консервативті әдістерінен бастайды.

Жамбас түбі бұлшық еттерін нығайтудың консервативті әдістері.

Арнайы жаттығулар кіші жамбасағзаларындағы қан айналымын жақсартады, олардың анатомиясын қалпына келтіреді, көктамыр қанының тұрып қалуын және жатыр қабырғаларының төмен түсуін жояды. Әрине, бұл әдістер аурудың бастапқы кезеңінде тиімдірек.

Өткен ғасырдың орта тұсында босанудан кейін несеп ұстай алмаушылыққа шалдыққан әйелдерді емдеу үшін аралық бұлшық еттерін дамытуға арнайы жаттығулар дайындалды. Оны «Кегель жаттығулары» деп атайды. Бұнымен қоймай, әдістің авторы Кегель тағы бір маңызды нәрсені байқады:қынап бұлшық еттерінің жағдайы жақсы әйелдер несеп ұстай алмаудан зардап шекпейді әрі жыныстық өміріне де дән риза көрінеді.

Кегель жаттығуларын тек емдік мақсатта емес, аурудың алдын алу үшін жүктілік кезінде және босанудан кейін қолдануға болады. Бұл жаттығулар қынапты ұстап тұратын жамбас бұлшық еттерін жиыруға келіп тіреледі. Бұл бұлшық еттер әйел кіші дәретке отырғанда немесе қысқанда жиырылады:

  1. 1. Бұлшық еттерді 1-2 секундқа қатты жиырады, содан соң босаңсытады. Тиімділік үшін 5-30 рет жиырып, күніне бірнеше рет қайталау керек.
  2. 2. 10 секунд жиырып, 10секунд босаңсытуға болады. Бұны күніне 4 минут жасайды. Бұған қоса 1 минут тез жиыру: 1 секунд жиырып, 1 секунд босаңсыту.
  3. 3. «Лифт» жаттығуы. Бұлшық еттерді жиыруға тырысу (1 қабат), 3-5 секунд ұстап тұру, одан да қаттырақ жиыруға тырысу (2 қабат), тағы да ұстап тұру. Осылайша 4-5 қабатқа жеткізу. Және керісінше, «төмен» қарай жүру.
  4. 4. Яғни әр қабатта бөгеліп, төмен бағытта жаттығуды керісінше орындау.

Бұл жаттығуларды үйде, көлікте, теледидар қарау кезінде орындауға болады. Әсерін күшейту үшін қынапқа арнайы қынап шариктерін салуға болады: шарик қынапқа енгізіледі, одан әрі әйел жүрген кезде аралық бұлшық еттерін қыса отырып, оны денесінде ұстап қалуға тырысады. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, бұл жаттығулар бұлшық еттерді нығайтып қана қоймай, сексуалдық қызметтің де жақсаруына алып келеді. Себебі жыныстық реакцияға екі физиологиялық үдеріс – жыныс ағзаларына қан жетудің күшеюі, миотония (бұлшық ет қозуының күшеюі) – қатысады.

Кегель жаттығуларынан өзге step-free терапия (салмағы әртүрлі қынап конустарын пайдаланып жаттығу жасау), жеке пайдалануға арналған минитренажерлар (қынап датчигі бар құрал арнайы экранда әйелдің жаттығу тәртібін, жиырылу күшін көрсетіп тұрады) бар. Бұған қоса, жамбас бұлшық еттерін нығайтуға физиотерапия да пайдаланылады. Оны гимнастикамен үйлестіруге болады. Егер аталған ем әдістері көмектеспесе, анатомиялық өзгеріс джәрежесі жоғары деген сөз. Бұндай эжағдайда хирургиялық әдістер қолданылады.

Оталауға қарсы көрсетімдер: жоспарлы хирургиялық араласуға тыйым салынатын жалпы организм жағдайы ( қызба, жұқпалы аурулар, онкологиялық патология, кейбір қан аурулары); консервативті ем әдістері қолдануға болатын жеңіл түрдегі бұзылыстар.

Болашақ жүктілік пен босануға әсері. Отадан кейін 12 айға дейін бала көтеруге болмайды. Қазір мамандар біз әңгіме еткен ақауды жөндеудің жаңа әдістері іздеу үстінде. Бұны, әрине, олардың әйел өмір сапасын жақсартуға, хирургиялық араласуларды барынша жеңілдетуге ұмтылысы деп түсіну керек.