🚸 Жол жүру ережесін сақтайық!

№97 «Сәби Әлемі» балабақшасында балаларға жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы танымдық түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер жол белгілерімен танысып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелден дұрыс өту, бағдаршамның белгілерін ажырату және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы мағлұмат алды.

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан жол жүру ережелерін кішкентай кезінен бастап үйрету – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы.

🚦 Жол ережесін сақтау – өз өміріңді қорғау!