№12 «Қарлығаш» балабақшасында тәрбиеленушілерге жеке бас гигиенасының маңыздылығы туралы танымдық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында балаларға қолды қашан және қалай дұрыс жуу керектігі түсіндіріліп, сабын мен таза суды қолданудың денсаулықты сақтаудағы рөлі көрсетілді. Сондай-ақ күнделікті тазалық сақтау түрлі жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді жолдарының бірі екені айтылды.
Балаларды тазалыққа баулу – олардың денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтының негізін қалыптастырады.




