«Туберкулезге ЖОҚ де!» кең ауқымды қалалық акциясы басталды

Елорда әкімдігі және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өкпе құрты ауруының алдын алуға арналған «Туберкулезге ЖОҚ де!» кең ауқымды қалалық акциясы басталды. Қала тұрғындары, әсіресе, шеткері аймақтардағы тұрғындар 23 қазан мен 23 қараша аралығында бір ай бойына күн сайын жылжымалы флюорографиядан тегін тексеруден өте алады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Акция негізінен Промышленный, Тельман, Күйгенжар, Мичурино, Заречный, Пригородный, Теміржолшылар, Өндіріс, Көктал және т.б. тұрғын аудандары мен сауда орталықтары, қала базарларында, атап айтқанда, «Дәулет», «Артем», «Әлем», «Жаннұр», «Джафар», «Бахус», «Әсем», «Астықжан» сауда орындарында, «Ұлжан», «Биг Шанхай», Орталық, «Қамқор» базарларында және «Еуразия», «Аружан», «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталықтарында жүргізіледі. Оны өткізуге жұмылдырылған қалалық фтизиопульмонология орталығы мен БМСК көрсету мекемелеріндегі мамандар жергілікті халыққа жылжымалы флюорографияның келу уақыты және тоқтаған мекенжайын хабарлап отырад