Қазақстанда туберкулездің азайғаны байқалады – ҚДСҰО маманы

Қазақстанда соңғы жылдары туберкулез ауруының төмендеуі байқалады. Қатерлі аурумен және оның алдын алумен күресте жоспарлы иммундауды жүзеге асырудың көпжылдық тәжірибесі зор әсер етті.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының аса қауіпті, трансмиссивті және зоонозды инфекцияларға мониторинг және талдау жасау бөлімінің басшысы Әсем Күмісбаева 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 7,8% — ға төмендегенін хабарлады.

Маман туберкулез проблемасы өте өзекті және ерекше назарды қажет ететіндігін атап өтті, өйткені әлеуметтік сипаттағы бірқатар мәселелерді шешуде кешенді тәсілді талап етеді.

«Туберкулез қоздырғыштары-микобактериялар. Инфекцияның көзі туберкулезбен ауыратын адам, сондай-ақ осы аурумен зақымданған ірі қара мал болып табылады. Науқас туберкулез таяқшаларын жөтелгенде, түшкіргенде, сілекеймен, қақырықпен, түкірікпен сыртқы ортаға бөледі. Дені сау адамдар туберкулезді жұқтыруы науқастың сілекей тамшылары мен қақырығы бар ауаны, сондай-ақ туберкулез таяқшасымен ұрықтанған шаң бөлшектерін жұтқан кезде болады. Сондай — ақ, туберкулез ауруымен ауыратын сиырлардан шикі сүтін ішкенде жұғуы мүмкін», — деп хабарлады маман.

Әсем Күмісбаеваның айтуынша, инфекция қоздырғышының берілу тетігінің ерекшелігіне және инфекциядан кейінгі иммунитеттің тұрақты сипатына байланысты иммундау алдын алудың маңызды шарасы болып табылады. Жоспарлы иммундауды жүзеге асырудың көпжылдық тәжірибесі туберкулезге қарсы күрестің осы әдісінің сөзсіз тиімділігін көрсетті. Осы жұқпалы ауруға қарсы вакцинация жаңа туған нәрестелерге туғаннан кейін 3 күні, ал ревакцинация-7 жасқа дейінгі туберкулин теріс балаларға туберкулездің жұқпалы емес микобактериялары жүргізіледі.

Сондай-ақ, маман ағзаңыздың қорғаныс күшін әлсірететін жағдайлардан аулақ болу керектігін, жақсы және толыққанды тамақтанып, спортпен шұғылданып, темекі шекпеуге және алкогольді шамадан тыс пайдаланбауға, өзіңіз туратын бөлмені жиі желдетіп, таза ұстауға кеңес береді.

«Салауатты өмір салты, профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өту, ал қажет болған жағдайда дер кезінде және толыққанды емдеу – сіздің денсаулығыңыздың ең жақсы кепілі», — деді Әсем Күмісбаева.