24 наурыз — Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне орайластырылған, туберкулездің алдын алу бойынша айлығы басталады 23.02. -ден 23.03.2020г. -ға дейін

Бұл айлық жыл сайын наурыздың 24 күні Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күнін атап өту қарсаңында өткізіледі. Айлық аясында емхана №8 медицина қызметкерлері арасында туберкулезді ерте анықтау және диагностикалау семинар-тренингтері; Фтизиатрлар мен басқа да мамандардың қатысуымен емханаларда Ашық есік күндері; отбасын құруды жоспарлау, босануға, жас ана болуға дайындау Денсаулық мектептерінде туберкулездің алдын алу сабақтары; кәсіпорындар басшылары үшін туберкулездің алдын алу және денсаулықты нығайту және сақтау бойынша семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер; 100% адамды қамтумен флюорографиялық тексеруден өткізудің семинар-тренингтері өтетін болады. Бұл шара адамдардың уақтылы алдын алушылық тексерулерден өтудің маңыздылығын түсінуін, әр азаматтың өз денсаулығына деген  жауапкершілігін  арттырады.

Мақсаты мен міндеті

«Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, жұқтыру қаупі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандыру, денсаулығына жауапты болуға тәрбиелеу,өзін-өзі сақтайтын тәлімділікке дағдыландыру, міндетті түрде профилактикалық тексерудің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.

Іске асыру тетігі

Іске асыру тетігінің басты элементі бірыңғай әдістемемен өңірлік деңгейде аталған шараларды тәжірибе жүзінде іске асыратын облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін (бұдан әрі – БМСК) ұйымдарының, өңірлік онко орталықтарының, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының (бұдан әрі – СӨСҚО), Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің  (бұдан әрі – ТКҚҚБ) бірлескен қызметі болып табылады.