Балаларды қорғау күніне орай стоматологиялық профилактикалық іс-шара өткізілді

2026 жылғы 25 мамыр күні Балаларды қорғау күніне орай емханамызда балалардың стоматологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар арасында ауыз қуысы ауруларының алдын алу, тіс күтімі мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Шара барысында балаларға дәрігер-стоматологтардың профилактикалық тексерулері жүргізілді. Сонымен қатар мамандар ауыз қуысы гигиенасын сақтау, тістерді дұрыс тазалау ережелері және тіс саулығын сақтаудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы кеңестер берді.

Кездесу аясында ата-аналар мен балаларға тіс жегісінің алдын алу, стоматологиялық ауруларды уақытылы емдеудің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ақпараттық жадынамалар таратылып, пайдалы ұсыныстар берілді.