«Сенім» жастар денсаулық орталығының акушер-гинекологы мен психологы №5 және №87 мектеп-гимназияларының қыз балаларына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға «Эмоцияны басқару», «Ерте жүктіліктің алдын алу. Жеке гигиена» тақырыптарында дәрістер оқылды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын сақтау, жеке гигиена мәдениетін қалыптастыру және эмоционалдық саулықтың маңыздылығын түсіндіру болды. Мамандар жасөспірім кезеңіндегі психологиялық өзгерістер, эмоцияларды дұрыс басқару, өз-өзіне сенімділікті дамыту және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу, қыз балалардың денсаулығын сақтау және күнделікті жеке гигиена ережелерін сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды.






