Ана сүтімен тамақтандыру

Құрметті аналар!

Баланың дүниеге келуі – әрбір отбасының өміріндегі ең керемет және есте қалатын жағдайлардың бірі. Әр ата – ана өз сәбине барлық жақсылықты тілейді, сәбиінің дені сау, бақытты, өнерлі, сондай-ақ жақсы адам болғанын қалайды. Біріншіден, сәбиіңіз дүниеге келген сәттен бастап махабатпен, жылулықпен, мейірімділікпен және қамқорлықпен аялаңыз.

Сондай аялаудың жеңіл және жетімді әдістерінің бірі ана сүтімен қоректендірудегі баламен ананың жақындығы.

ЮНИСЕФ пен ДДҰ стратегиясының бөлімінде бала туылғаннан кейін алғашқы алты айда ана сүтімен тамақтандыру қажет; 6 айдан кейін – тамақтандыруға қатысты адекватты және қауіпсіз тамақ. ДДҰ ана сүтімен тамақтандыруды 2 және одан да жоғары жасқа дейін жалғастыруды ұсынады. Ана сүті – емшектегі баланың тамақтануының алтын стандарты. Ана сүтімен тамақтандыру бала жасушасының құрамына өз құрылымы бойынша жақын келгендіктен өте табиғи.

Тек қана ана сүтімен тамақтандыру (су, шай қоспай т.б.). Барлық балалар туылғанынан бастап 6 айға дейін ана сүтімен тамақтандырылуы қажет. Кей жағдайларда ғана ана сүтімен тамақтандыруға тиым салынады. Аналар 6 ай ішінде тек ана сүтімен тамақтандыру үшін ұсынады:

  • Бала туылғаннан кейін бір сағат ішінде ана сүтімен тамақтандыру;
  • Тек ана сүтімен тамақтандыру, яғни балаға ана сүтінен басқа, тамақ немесе су ішкізбеу;
  • Ана сүтімен баланың сұранысы бойынша, түнде және күндіз баланың қажеттілігіне байланысты тамақтандыру;
  • Бөтелке, соскаларды қолданбау.

Ана сүті – бала үшін жалғыз толық табиғи қорек. Сондай – ақ ана сүтімен тамақтандыру бала мен ана арасындағы байланысты нығайтады.

Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, 95-97% әйелдер ана сүтімен тамақтандыруға қабілетті. Кей жағдайларда әйелде сүттің болмауы ауру түрлеріне байланысты. Көп жағдайда ана сүтімен тамақтандыруды бұрыс ұйымдастырудан және әйелдін өз – өзіне сенімсіздігінен мәселер туындайды.

Ана сүтімен табиғи қоректендірудің теріс көрсеткіштеріне ананың келесі ауру түрлері жатады:

  • ВИЧ — инфекция
  • Жұқпалы аурулар: туберкулездің ашық формасы, ананың 6 және 7 ай жүктілігі кезінде сифилис, сіріспе ауруын жұқтыруы
  • Өте қауіпті жұқпалы аурулар (шешек, күйдіргі)
  • Декомпенсация жағдайындағы ауыр созылмалы аурулар (жүрек, бүйрек, бауыр аурулары және т.б.)
  • Ауыр психикалық аурулар
  • Зиянды ісіктер

Бала аурулары:

  • Тіркелген лактаздық жеткіліксіздіктің болуы
  • Галактоземия
  • Фенилкетонурия
  • «Үйіңкі сұйықтығының» ауруы.

Сондай – ақ аралас және жасанды тамақтандырудың әлеуметтік көрсеткіштері бар: баланы асырап алу, егіз балалардың біреуі, оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын ана, стационарлық ем қабылдап жүрген ана.

Тек осы 3-5% жағдайларда ғана жасанды және аралас баланы тамақтандыруға болады және аймақтық дәрігер баланы тамақтандыратын тегін қоспаға рецепт жазып береді.

Құрметті аналар, қанша дәрумендер, минералдар және тиімді қоспалар қосылған болса да, ана сүтінің қасиетіне жететін Формула жоқ.