ЖӘД

Бөлім жөнінде:

Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасы іс-шаралары жоспарына сәйкес емханада жалпы тәжірибелі дәрігер(отбасылық дәрігер) қызметін енгізу жүзеге асырылуда. Отбасылық дәрiгерлiк амбулатория өз қызметiнiң шегiнде, жасы мен жынысына қарамастан, өтiнiш білдiрушілердiң барлығына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудi жүзеге асыратын ұйым болып табылады. Отбасылық дәрiгерлiк амбулатория қызметiнiң нысанасы:тәндiк, психологиялық және әлеуметтiк факторларды ескере отырып, халыққа аурудың диагнозын қоюдан, емдеуден, қалпына келтiруден және сүйемелдеу терапиясынан тұратын алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету; ауруларға профилактика жасау; халықты салауатты өмiр салтына үйрету болып табылады.

Отбасылық дәрiгерлiк амбулатория өз қызметiнде:жасына және жынысына қарамастан, барлығы және әрқайсысы үшiн белгiлеу; қолайлылық; профилактикалық бағыттылық; үздiксiз емдеу-профилактикалық шаралардың сабақтастығы; Жалпы тәжірибелі дәрігер ересектер мен балаларға тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында мамандандырылған медициналық көмек қызметін көрсетеді. Бөлім құрылымында 10 жалпы тәжірибелі дәрігер учаскесі, сүзгілеу кабинеті, жұқпалық аурулар кабинеті бар. ЖТД бөлімі меңгерушісі:екінші санатты дәрігер — Үсенова Жания Ғалымғалиқызы

Жалпы тәжірибелі дәрігер бөлімі:

  •  81 аймақ Өміртаева Күльжауар Сапарбекқызы санаты I
  •  82 аймақ Қақтаева Фатима Болатқызы санаты I
  •  83 аймақ Малтикенов Әлішер Кенжебекұлы санаты
  •  84 аймақ Таирова Наргиза Эрматқызы санаты I
  •  85 аймақ Новосад Екатерина Владимирқызы санаты II
  •  86 аймақ Жүсіпбек Сағираш Жүсіпназарқызы санаты I
  •  87 аймақ Қаратаева Айгүл Абдазимқызы санаты II
  •  88 аймақ Оразымбетова Айжан Есімханқызы санаты
  •  89 аймақ Аимбекова Гүлнұр Сеитқанқызы санаты
  •  90 аймақ Омарова Гулферизат Сейдахметқызы санаты I

ЖТД бөлімінің негізгі міндеттері болып табылады:

  •  ЖТД бөлімі қызметі медициналық ұйымға еркін тіркелу құқығын есепке ала және тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық көмек қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аймақтық үрдіс бойынша құрылған.
  •  медициналық көмек сапасын көтеру, дәрігерлердің, мейірбикелердің біліктілігін көтеру
  •  созылмалы, жіті және басқа сырқаттыларға алғашқы және жедел медициналық көмек қызметін көрсету
  •  Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық тапсырмаларының бірі ретінде салауатты өмір салтын насихаттау
  •  алдын алу жұмыстарын жүргізу: ауруларды ерте анықтап табуда белгіленген жас тобындағы тұлғаларға скринингтік зерттеулер, алдын-алу екпелерін, диспансерлеу, динамикалық қадағалау, халық денсаулығын нығаиту бойынша іс-шаралар
  •  жаңа туған сәбилерге бақылау жасау, алдын алу тексерулерін жүргізу және диспансерлеу
  •  Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен мерзім бойынша алдын алу екпелерін жүргізу
  •  дәрістер, семинарлар, аналар мектебінде сабақтар өткізу және т.б.
  •  балаларға үйде және емханада емдік-кеңестік көмек көрсету, оның ішінде мамандандырылған білікті медициналық көмек қызметін ұйымдастыру; балаларға стационарларда емделуге, шипажайларға жолдама беру, сауықтыру мекемелеріне іріктеу жасау
  •  сәбилер және аналар өлімін төмендету
  •  уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу және медико-әлеуметтік сараптамаға жолдау
  •  жұқпалық аурулар туындаған жағдайда ауру ошақтарына бақылау жасау, алдын-алу, санитарлық-ағарту жұмыстарын, індетке қарсы іс-шаралар жүргізу
  •  алғашқы мүгедектікке шығу деңгейін төмендету
  •  емделушілердің жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметін алу үшін АМСЖ мамандарының өз уақытында госпитализациялауы, шипажай-курорттарға емделуге жолдама берілуі

Бөлімнің негізгі қызметі:

  •  балаларға үйде және емханада емдік-кеңестік көмек көрсету, оның ішінде мамандандырылған білікті медициналық көмек қызметін ұйымдастыру
  •  емделушілерге дәрігерге дейінгі білікті, мамандандырылған медициналық көмек қызметін кез-келген жағдайда көрсету
  •  алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу
  •  емделушілердегі ауру түрлерін ерте анықтап табу мақсатында емделушілерге тексеру жүргізу
  •  сау және сырқаттарға диспансеризациялауды жүргізу
  •  халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, санитарлық-гигиеналық тәрбиеге үйрету бойынша іс-шаралар жүргізу