Бөлім жөнінде:
Бөлiм меңгерушiсi: Жанкина Рано Амирхановна №1 кеңестiк бөлiмi Астана қаласы ШЖқ « №8 қалалық емхана» бойынша тiркелген халыққа арнайы жоғары бiлiктi мамандар хирургия саласында ересектерге қызмет етедi.Бөлiм құрамында орталық амбулаториялық отамалар (ОАХ) жасайтын және орталық залалсыздандыру бөлiмi, медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыратын бөлiмдерi бар.
№1 кеңестiк бөлiмiнде келесi мамандар қызмет көрсетедi; травматолог –ортопед, отамашы, лор маманы, онколог және уролог дәрiгерлерi. Таза жараны және іріңді жараны таңу бөлмелерi үздiксiз жұмыс iстеу үшiн керектi жабдықтармен қамтамасыз етiлген. №1 кеңестiк бөлiмi қазақстан конституцисының халыққа тегiн медициналық қызмет көрсету бағытында жұмыс iстейдi.
№1 кеңестiк бөлiмiнiң басты мiндеттерi:
- жолдама бойынша аурудың созылмалы және өткiр түрлерiне арнайы мамандандырылған қызмет көрсету
- халыққа антирабиалық қызмет көрсету
- ауруларға басқа мамандар кеңесiн алуға жолдама беру
- ауруларды арнайы мамандандырылған ауруханаларға орналастыру
- медициналық сараптамалардан өткiзу
- ауруларды жоғары мамандандырылған көмек алу үшiн iрiктеу
- аурудың мүгедектiгiн анықтау үшiн сараптамалардан өткiзу
- халыққа медициналық қызметтiң сапасын арттыру үшiн дәрiгерлер мен медбикелердiң бiлiктлiгiн арттыру саласында жұмыс iстеу
Бөлiм структурасы:
ХИРУРГИЯ
Муратов Кайрат Ануарбекович — жоғарғы санатты ,Танмаганбетов Ерлан Едегеевич — жоғарғы санатты ,Тургараев Данияр Аргынбекович — ангиохирург, жоғарғы санатты. Хирургиялық кабинет 3 бөлмеден тұрады: дәрігерлік бөлме – науқастарды қабылдап тіркейтін және 2 таңу бөлмесі(таза және іріңді). Хирургиялық бөлменің жұмысы арнайы тәртіппен атқарылады: біріншіден таза жараларды таңады таза таңу бөлмесінде, екінші іріңді жараларды таңады.
Хирургиялық емшаралар:
- бөгде денелерді жұмсақ еттерден алу
- жарақатты алғашқы хирургиялық тазалау
- асқынған жарақатты алғашқы хирургиялық тазалау
- күйіктер мен үсіктерді алғашқы хирургиялық тазалау
- іріңді жараның шеттерін кесіп тазалау
- антисептикалық дәкені тану
- трофикалық және ойық жараларды хирургиялық тазалау
- жай және косметикалық тігіс салу
- әртүрлі жағдайда дәке тану
- операциядан кейінгі тігісті алу
- операциядан кейінгі тыртықты бағалау
- іріңді жараларды ашу
- ұйыған қанды ашу және дренаж салу
- дренаж және стоманы қадағалау
- жергілікті ауырсынуды емдеу, дәрілік блокада
- тырнақ пластикасын алдыру
- тері және теріасты қатерсіз ісіктерді алдыру
ТРАВМАТОЛОГИЯ
Травматолог-ортопед Кушербаев Ербол Нурахметович — жоғарғы санатты, Жумабаев Кайрат Карабузауович — жоғарғы санатты, Травматология кабинеті 2 бөлмеден тұрады: дәрігерлік бөлме – науқастарды қабылдап тіркейтін және 2 гипспен таңу бөлмесі. Травматологический кабинет состоит из кабинета приема врача и гипсовой комнаты . кабинет врача – травматолога где осуществляется прием, регистрацию и обследование больных и две перевязочные (чистая и гнойная). В гипсовой комнате проводят наложение и снятие гипсовой лонгеты.
Травматологиялық емшаралар:
- гипспен таңу
- шина салу
- буындарға блокада салу
- пункция жасау
- транспортық тасымалдау кезiнде буындардың қозғалысын шектеу
- әртүрлі жағдайда дәке тану
ОТОЛАРИНГОЛОГИЯ
Какимжанова Аида Жетписовна – отоларинголог. Отоларингологичялық бөлме 2 қабатта орналасқан, онда лор емдік шаралары өткізуге арналған 2 бөлме бар.
Отоларингологиялық бөлмеде келесі лор ағзаларының аурулары кезінде амбулаторлық кеңес беру және үлкен жастағы тұрғындарды тексеру жүргізіледі:
- мұрын және мұрын аймағындағы қойнаулардың жедел және созылмалы ауруларында(жедел және созылмалы аллергиялық риниттер, жедел және созылмалы синуситтер, этмойдиттер,гаймориттер, мұрын аймағы қойнауларындағы полипозды және кистозды зақымданулар, мұрын фурункулы және абсцесстері, мұрыннан қан кету, мұрын жарғақшасының және сыртқы мұрын деформациялары.)
- мұрын жұтқыншақтың,жұтқыншақ және көмейдің жедел және созылмалы аурулары (созылмалы тонзиллит, паратонзилярлы және парафарингеальды абсцесстер, жедел және созылмалы фарингиттер және ларингиттер- ұзақ және әлсіз ағымды, емге дұрыс көнбейтін, дауыс қызметінің бұзылыстары және т.б.)
- құлақтың жедел және созылмалы аурулары (жедел және созылмалы отиттер, ортаңғы отит, іріңді және іріңді орталық отиттер,адгезиялық ортаңғы отит, шығу тегі әртүрлі саңыраулық т.б.)
- ЛОР ағзалардың жарақаттары және олардың әсері (мұрын сүйектерінің сынығы, отгематома,лор ағзалардың соққылары мен жаралары,сыртқы мұрын, мұрын маңы қойнаулары, құлақ қалқандары және т.б жарақаттан кейінгі кемістіктерін жою.)
- ЛОР ағзаларының қатерсіз түзілістері
Отоларингологиялық бөлмеде келесі емдік шаралардың түрлері жүргізіледі:
- мұрын қойнауларынының шырышты қабаттарына дәрілік заттарды енгізу
- бадамша бездері мен таңдау маңына дәрілік заттарды енгізу
- мұрыннан қан кетуді тоқтату(алдынғы және артқы тампонада)
- гайморотомиядан кейін,фронтотомия, ортанғы құлақтың радикалдық операциясынан кейінгі кезеңдегі науқастарды жүргізу
- емдік ерітінділермен кеңірдекті шаю
- аттикті шаю
- евстахи құбырын катетрлеу
- полицер бойынша есту құбырын үрлеу
- мұрын қуысын тесу
- жұтқыншақтан, мұрыннан, сыртқы есту құрылысынан бөгде денелерді алу
- кеңірдектен бөгде денелерді алу (тікелей ларингоскопияны қажет етпейтін жағдайда)
- паратонзиллярлық абсцесстен іріңді шығару
- ет өсіндісімен полипті құлақтан алдыру
- ет өсіндісін күйдіру
- құлақ пердесін тесу
- мұрын шеміршегінің абсцесін және қан ұйуын ашу
- құлақ шеміршегінің қан ұйуы
- тимпанопластика жасаған аурулардың емін жалғастыру
- парамеатальная блокада
- құлақ құлығын жуу
- құлақ пердесіне ауамен массаж жасау
- құлақ жуу және турунда қою
- мұрын қуысын жуу және турунда қою
- мұрын тамырының жиырылуы
- мұрын қуысы аймағын жуу
- тамақ қуысына дәрілік препарат құйу
- ЛОР ағзаларын дәрілік препараттармен инстилляциялау
ОНКОЛОГИЯ
Кипчакбаева Динара Ерболовна – онколог, Маммолог Музапарова Роза Ниязбековна — бiрiншi санатты, Иманбаев Халел Айханович — бiрiншi санатты. Онкологиялық кабинет арнайы ем шараларды жүргізіп , онкологиялық ауруларға кеңес бередi.
Онколог кабинетінің емдік диагностикалық артықшылығы:
- онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу шаралары
- онкологиялық ауруларды скрининг әдісімен алдын алу шаралары
- онкологиялық күдік кезінде ПМСП мамандарының консультациясымен Астана қаласының онкодиспансеріне жіберіледі
- онкологиялық дәрігерлердің тікелей онкодиспансермен жұмыс істеуі. Сонғы жылдары бөлім ұжымдары едәуір ұлғайды, медицина қызметкерлерінің тәжірибелері өсті. Администрация медицина жұмыскерлерінің профессионалдық тәжірибесінің өсуіне көп көңіл бөлуде
УРОЛОГИЯ
Жанкина Рано Амирхановна — екiншi санатты, Бауденов Нурлан Нурсаинович — екiншi санатты.
Урологиялық қызмет көрсету:
- амбулаториялық операциялық қатысулар
- мүшенің шеткі терісін кесу
- варикоцель
- аталық безді саусақпен тексеру
- несеп мүшесін катетрлеу