Соңғы жаңалықтар

Құрметті сайтқа кірушілер!

Астана қаласы әкімдігінің «№8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК — бұл алғашқы медициналық-санитарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін заманауи көпбейінді емдеу-алдын алу мекемесі. Емхана құрамында ересектер, балалар және оңалту бөлімшелерін қамтитын 8 корпус бар (негізгі мекенжайлары: Сембинов көш. 4/1, Иманов көш. 44, Ж. Досмұхамедұлы көш. 24, Чехоев көш. 14, Т. Шонанұлы көш. 41, Алаш тас жолы 30 А және Өндірістік аймақ 6/2). Емхана құрылымында 5 отбасылық денсаулық орталығы (45 ЖТД учаскесі), әйелдер консультациясы, соматикалық және хирургиялық бейіндегі мамандандырылған бөлімшелер, күндізгі стационар, клиникалық-диагностикалық бөлімше, зертхана, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, оңалту бөлімшесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, диагностика мен емдеуге арналған заманауи аппараттармен жабдықталған қалалық офтальмологиялық орталық бар, онда 30-дан астам бейінді маман медициналық қызметтің 200-ден астам түрін көрсетеді. Персоналдың жоғары біліктілігі мен заманауи жабдықталуы бекітілген тұрғындарға сапалы медициналық көмек пен әлеуметтік қолдауды толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.