Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында №8 қалалық емхананың Салауатты өмір салты дәрігері Ж.Нұрахметова мен жедел жәрдем бөлімшесінің фельдшері Е.Ыдырысов «Жол-көлік оқиғасында алғашқы көмек көрсету» тақырыбында оқушыларға пайдалы дәріс оқыды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген статистикасы бойынша жыл сайын әлемде миллионнан астам адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмып, 20-50 миллион адам жарақат алады және мүгедек болып қалады екен. Ешкім бұндай кездейсоқ апаттан толық сақтанбаған. Оқыс оқиғаға тап болсақ, зардап шеккендерге қалай көмек көрсетеміз, бұл туралы емхана мамандары баяндап берді.
Іс-әрекет алгоритмі:
- Өзіңізді қалай сезініп тұрғаныңызға қармастан, кәсіби көмекке жүгінген жөн. Жедел жәрдемді шақырамыз. Бұл бірінші.
- Транспорт құралынан адамдарды шығаруға тырысу керек, себебі ол жарылып немесе жанып кетуі мүмкін.
- Қолынан және аяғынан тартудың қажеті жоқ, себебі біз адамды өзі түспеген жұлын шогына (жұлын сынған жағдайда) немесе жарақат шогына түсіруіміз мүмкін.
- Қол астында ешқандай зат болмаған жағдайда, зардап шеккен адмады өз бетінше алып шығуға болады, алайда мұндай кездері өте мұқият болу керек.
- Ең бірінші, қауіпсіздік белдігін шешеміз және зардап шеккен адамның ес-түсін білетін-білмейтіндігін тексереміз.
Мұндай қауіпсіздік нормаларын әрбір адам білуі шарт, дәрістің мақсаты оқушыларға алғашқы көмек маңызын түсіндіру болды.