Бүгін №8 Қалалық емханасында Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында еселі еңбектері үшін Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының атынан Хусаинова Гульмира Габдуловна, Грибинская Юлия Викторовна, емханамыздың бас дәрігерінің атынан Егинбаевна Айжан Канагатовна, Жукина Марал Жумагуловна, Ахметова Бахытгуль Ахатаевна, Реженова Эльмира Асылхановна, Саурыкова Саулеш, Елубаевна, Кусаинова Ляззат Сарденовна, Тунгышбаева Кундызай Мураткызы, Назбиева Шнар Ахметкалиевна, Бескемпирова Сауле Канатбековна, Сембаева Света Сериковна арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
Медицинамызды мейіргерсіз елестету қиын. Бұл біздің заманымыздың ең адамгершілігі жоғары мамандықтарының бірі, өйткені адамның өмірі, оның денсаулығы — өмірдегі басты құндылықтар.