29 қазан Дүниежүзілік инсульт күні

ИНСУЛЬТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ

Жыл сайын  әлемде инсульт пен инфарктан 12 миллионға жуық адам қаза табады.

Инсульт-нерв жасушаларының зақымдалуына және өлуіне әкеп соғатын мидағы қан айналымының жедел бұзылуы.

Сіз өмір салтыңызбен байланысты инсульттің дамуының қауіпті факторларын бақылай аласыз:

  • темекі шегу және темекіні тұтынудың басқа түрлері
  • ішімдікті шамадан тыс тұтыну
  • дұрыс тамақтанбау
  • дене белсенділігінің төмендігі

Өмір салтын дұрыс ұстанбау денсаулыққа қауіпті

  • қан қысымының жоғарылауы(гипертензия);
  • қан құрамындағы қанттың мөлшерінің артуы(диабет);
  • қан құрамындағы холестериннің мөлшерінің артуы(гиперлипидемия);
  • дененің артық салмағы.

Инсульттің алғашқы белгілері

  • тілдің күрмелуі, беттің қисаюы
  • бір жақ қол немесе аяқтың әлсіреуі
  • аяқ-қолдың немесе бір жақ беттің жансыздануы

Дереу «103» жедел медициналық көмек бригадасын шақырыңыз!

Инсульттің алдын-алу үшін мына белгілерді бақылаңыз

  • артериялық қан қысымын
  • дене салмағын
  • қан құрамындағы қант мөлшерін
  • қан құрамындағы холестериннің деңгейін.

Өмір салтын өзгерт!

  • Темекі шекпеңіз, темекі түтінімен дем алудан аулақ болыңыз
  • Белсенді дене белсенділігімен күніне 30 минут айналысыңыз
  • Күніне бес рет жеміс пен көкөністерді тұтыныңыз
  • Тамақ үлесінде тұздың, майдың және қанттың мөлшерін шектең

 

Инсультпен ауырып тұрған адамның күйін мынадай 4 қарапайым белгіcі арқылы тануға болады:

1. Науқастан күлуін өтініңіз (ол талпынуы мүмкін, бірақ, күле алмайды)

2. Әңгімеге тартыңыз (мысалы, «бүгін ауа райы керемет, солай ма?» десеңіз, сөйлеуге қиналады немесе сөйлей алмайды) 

3. Екі қолын қатар көтеруін өтініңіз (ол бұны істей алмайды не ақырын ғана көтере салады) 

4. Тілін шығаруын өтініңіз (тілі жыбырлап не қайырылып тұрады)