Корпоративтік басқару

Медициналық ұйымның даму стратегиясы мен миссиясы

Миссия: Бүгін денсаулыққа қамқорлық – болашаққа деген сенім.

Пайым: Инновациялық бағдарламаларды іске асыру және аурулардың алдын алу қағидаттарын енгізу негізінде кешенді медициналық көмек көрсететін заманауи медициналық ұйым болу.

Біздің құндылықтарымыз

  • Кәсібилік және қауіпсіздік;
  • Ашықтық;
  • Әділдік;
  • Командалық жұмыс;
  • Ұйымның тұрақтылығы;
  • Пациентке бағдарлану;
  • Сапалы медициналық көмек көрсету.

Әдеп қағидаттары

  • Құпиялылық;
  • Жауапкершілік;
  • Құрмет;
  • Тәлімгерлік;
  • Үздіксіз даму және инновациялар;
  • Заңдылық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл;
  • Бейтараптық және адалдық.
Негізгі қызмет түрлері
  • Қызмет көрсетілетін аумақтағы халыққа медициналық ұйымда және үй жағдайында білікті медициналық көмек көрсету.
  • Халықты, оның ішінде жүрек-қантамырлары, онкологиялық және басқа да аурулардың даму қаупі жоғары тұлғаларды, сондай-ақ экстрагениталдық патологиясы бар фертильді жастағы әйелдерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.
  • Жіті жағдайлар, жазатайым оқиғалар және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін өзге де жағдайлар кезінде науқастарға алғашқы және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету.
  • Ауру бейініне сәйкес алдын ала тексеруден өткізе отырып, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек, сондай-ақ зертханалық-диагностикалық қызметтер алу үшін азаматтарды МСАК мамандарының уақтылы ауруханаға жатқызуын ұйымдастыру, санаторийлік-курорттық емдеуге жолдау.
  • Профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің барлық түрлерін жүргізу.
  • Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру: инфекциялық ауруларды анықтау, инфекция ошақтарын бақылау, иммундық профилактика жүргізу және санитариялық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгертуді қажет ететін тұлғаларды ұтымды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Емхана құрылымы

№8 қалалық емханасының құрылымы

Қызметкерлер саны
501 адам
Байқау кеңесі

Байқау кеңесінің құрамы

Байқау кеңесінің төрағасы Петухова Н.М.
Байқау кеңесінің мүшелері Алдабергенова С.А.
Калмакова Ж.А.
Успанов Ж.З.
Мусина Р.Р.