Құрметті емхананың емделушілері!

4 мамырда ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК-да дүниежүзілік астма күніне арналған Ашық есік күні өтеді. Емхананың ересектер корпусының бірінші қабатында пульмонолог дәрігерлер қабылдайды. Барлық ниет білдірушілерді кеңес алуға шақырамыз.
Сондай-ақ, сағат 8:00-ден 14: 00-ге дейін демікпені бақылау деңгейін анықтау, демікпенің болу белгілерін анықтау, ингаляторларды , пикфлоуметрді дұрыс қолдануды түсіндіру, бронх демікпесі мен аллергияның алдын алу бойынша буклеттер мен парақшаларды тарату үшін ақпараттық үстел жұмыс істейтін болады.