Студентке «Сақтандырылған» мәртебесін алу үшін не істеу керек?
Студенттің өзі тек оқу орнының ақпараттық базасына деректерінің уақытылы енгізілуін бақылауы қажет. Бұл база өз кезегінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) жүйесімен интеграцияланған. Осы жағдайда «Сақтандырылған» мәртебесі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тарапынан автоматты түрде беріледі, бұл медициналық ақпараттық жүйелердің ҰБДҚ-мен интеграциясы арқылы жүзеге асырылады.
Деректерді енгізуге оқу орындарының әкімшілік немесе деканат қызметкерлері жауапты.
Міндетті шарт — деректердің дұрыс толтырылуы, оның ішінде ИИН, ТАӘ, оқу мерзімі және оқу формасы. Егер бұл мәліметтер дұрыс толтырылмаса, жеңілдік мәртебесі берілмеуі мүмкін. Сондықтан студенттер бұл мәселені өздері бақылап, егер мәртебе берілмеген жағдайда, оқу орнына хабарласып шешу керек.
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын күндізгі студентке не істеу керек?
Бұл санаттағы студенттер мәртебені автоматты түрде алмайды. Оларға өз бетінше egov.kz электронды үкімет порталы арқылы деректер базасына тіркелу қажет. Ол үшін «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» дегенді іздеу жолына енгізу керек. Ашылған терезеде өтінішті толтырып, оқуын растайтын құжаттарды қосу қажет. Содан кейін өтінішті ЭЦҚ арқылы қол қою керек. Егер барлық өрістер дұрыс толтырылған болса, мәртебе 10 жұмыс күні ішінде беріледі.
Егер мәртебе берілмесе, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің халықаралық департаментіне хабарласу қажет. Оқу үрдісінің әр семестрінен кейін өз оқуын растап отыру маңызды.
Егер студент аталған әдістермен жеңілдік мәртебесін ала алмаса, мәртебесін жоғалтса немесе оқу орнында мәселені шеше алмаса, ол «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына өтініш жібере алады.
Студенттер МӘМС жүйесіндегі жеңілдік мәртебесін қашан жоғалтады және қалай сақтауға болады?
Студенттер оқу орындарынан шығарылған немесе оқуын аяқтаған жағдайда МӘМС жүйесіндегі жеңілдік мәртебесін жоғалтады. Дегенмен, магистратура немесе докторантураға күндізгі бөлімге қабылдану – бұл ерекшелік болып табылады. Егер оқу аяқталғаннан кейін студент ресми түрде жұмысқа орналасса, оның орнына жұмыс беруші жарналар мен аударымдарды төлеуді бастайды.
Яғни, ол жеңілдік санатынан жалдамалы жұмысшылар санатына ауысады. Басқа жағдайда, егер студент сақтандырылған болуысы келсе, ол өздігінен жарна төлеуші бола алады және 2024 ж. 1 МЗП-ның 5%-ын, яғни 4 250 теңгені төлеуі керек.