Халықаралық мейірбике күні

Жыл сайын 12 мамыр күні Халықаралық мейірбикелер күні аталып өтіледі. Басқа сөзбен айтқанда, құттықтаумен алғыс айтудың кезегі келіп тұр. Өйткені, бұл ең маңызды мамандар мерекесі. Мейірбике мамандығы бұл орта білімді медицина қызметкері, сонымен бірге дәрігердің нұсқауын орындап, науқасқа көмектесуші, әрі дәрігердің көмекшісі, науқаспен тікелей байланыста жұмыс жасап, ем жүргізуші жан. Денсаулық сақтау саласында қазіргі уақытта мейірбикелер ісі басым болып келеді. Кәсіптік мейірбикелер мерекесі күні ағылшын мейірбикесі Флоренс Найтингейлмен өте тығыз байланысты. Қырым соғыс кезінде (1853-1856ж) алғашқы болып мейірімді мейірбикелер ұйымын ұйымдастырды.