«ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауы» бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2019 жылдың 25 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының стационарлық көмекті ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Гульнафис Жусипалиева  «2019 жылғы 2 қыркүйектегі ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы» бойынша №8 қалалық емханасының қызметкерлері үшін сөз сөйледі.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың өзекті мәселелері және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жоғарылату бойынша мәселелер түсіндірілген болды.        Сондай-ақ 2019 жылға қазіргі заманғы денсаулық сақтауды дамыту бойынша негізгі бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, МӘМС пен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа жүйеде қалай іске асырылатыны туралы сұрақ көтерді.