ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ТАМАҚТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

Қарттар күніне орай Байқоңыр аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары «Егде жастағы тамақтанудың негізгі қағидалары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында егде жаста дұрыс әрі теңгерімді тамақтанудың денсаулықты сақтаудағы маңызы түсіндірілді. Мамандар күнделікті ас мәзірінің әртүрлі әрі құнарлы болуына, көкөністер мен жемістерді жеткілікті тұтынуға, ақуызға бай тағамдарды таңдауға, сондай-ақ тұз бен қантты шектеуге назар аударды.

Сонымен қатар жеткілікті мөлшерде су ішу, тамақтану режимін сақтау және тағам мөлшерін ағзаның қажеттілігіне сай үйлестіру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, күнделікті өмірде дұрыс тамақтану қағидаларын ұстануға бағытталған пайдалы кеңестермен танысты.

Салауатты әрі теңгерімді тамақтану – денсаулықты сақтап, белсенді және сапалы ұзақ өмір сүрудің маңызды негіздерінің бірі.