«Дүниежүзілік қозғалыс күні» аясында №94 «Сұңқар» балабақшасында балалар мен тәрбиешілердің қатысуымен сергіту жаттығулары ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және күнделікті қозғалыстың денсаулыққа пайдасын түсіндіру.
Жаттығулар көңілді музыкамен сүйемелденіп, балалардың қызығушылығын арттырды. Қатысушылар түрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, жақсы көңіл-күй мен сергектікке ие болды.




